- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ене мен келін...
Ене мен келін арасындағы араздықтың басты себебі анықталды
Ене мен келін бір-бірін жақтырмайтын жайғдайлар жиі кездеседі. Ғалымдар зерттеуі әйелдер өз аналарына (30%) қарағанда енелерімен (44%) жиі сөзге келетінін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Parents.ru-ге сілтеме жасап.
Зерттеуге сәйкес, енелер мен келіндер арасындағы көпшілік келіспеушілік бала күтіміне немесе қаржыға қатысты туындайды.
Зерттеушілердің ойынша, бұл келіспеушілікке "генетикалық жанжал" әсер етуі мүмкін. Себебі әр адам санасыз түрде қаны басқа адамның емес, өзінің генетикалық туысының қызығушылығына сәйкес әрекет етеді.
"Бұл генетикалық жанжал бір тумаған туыстардың ресурстарды бөлуге қатысты келіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Бұл нәтижелер аффиналды (енемен) қарым-қатынаста болатын жағымсыз әлеуметтік өзара әрекеттестіктің негізінде генетикалық жанжал жатыр деген гипотезамен сәйкес келеді", - дейді зерттеу авторлары.
Evolutionary Psychological Science журналында жарияланған зерттеу бойынша, ене мен келін арасындағы араздықтың тағы бір себебі - олар бір-бірімен қарым-қатынаста болуды өздері таңдамайды: бірі баласының таңдауына, екіншісі күйеуінің жақын адамдарына көнуге мәжбүр.
Ене ұлын келіннен неге қызғанады? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова