- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Эндокринолог ыстық картоптың...
Эндокринолог ыстық картоптың зияны туралы айтты
Эндокринолог Зухра Павлова өзінің Telegram-арнасында ыстық картоптың зияны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ыстық картоп глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Маман картопты тамақтанар алдында бөлме температурасына дейін салқындату керегін атап өтті. Бұл жағдайда глюкоза деңгейі көп көтерілмейді, ал крахмал ішекте ішінара ашытылады, бұл пайдалы бактериялардың көбеюіне әкеледі.
Сонымен қатар, ол қайнатылған картоп диетаның бір бөлігі бола алатынын, алайда картоп қосылған кейбір тағамдардың калориясы жоғары болатынын атап өтті. Мысалы, фри калория бойынша фастфудтың басқа түрлерімен бірдей.
Дәрігер майлы, тұзды және қуырылған тағамдар жүрек аурулары мен қант диабетінің қаупін арттыратынын, бауыр мен бүйрекке зиян келтіретінін, француз картоптары бет терісіне, концентрацияға және есте сақтауға байланысты проблемаларды тудыруы мүмкін екенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова