- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Эндокринолог салмақ тастауға...
Эндокринолог салмақ тастауға не кедергі болатынын айтты
Артық салмақтан арылудың ең тиімді әрі қауіпсіз әдісі - әдеттерді, соның ішінде тамақтануға қатысты әдетті өзгерту. Дәрігерлер күн сайын көкөністер, жемістер, ет немесе балық жеуге кеңес береді, күрделі көмірсулар туралы да естен шығармау қажет. Бұл жағдайда тамақтың көлемі аз болуы қажет, ал күніне 4-5 рет тамақтану керек. Сондай-ақ, физикалық белсенділік туралы ұмытпау қажет. Тіпті 30 минут серуендеу де нәтиже береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Көпшілік тез арықтағысы келеді, сондықтан олар қатаң диетаға отырады, күн сайын жаттығулар жасайды, тәтті мен ұннан мүлдем бас тартады. Маманның сөзінше, мұндай жағдайда нәтиже болады, бірақ әдеттегі өмір салтына оралғаннан кейін бәрі өз қалпына келуі мүмкін.
Эндокринолог Диляра Лебедева салмақ тастауда кететін қателерді атады:
- Қатаң диетаға отыру. Жылдам салмақ жоғалту - денсаулыққа үлкен зиян, өйткені денеге дәрумендер мен минералдар жетіспейді.
- Ұйқыға мән бермеу. Түнде дене қалпына келеді, бұл майды жағу процесіне әсер етеді. Егер адам аз ұйықтаса, онда барлық күш-жігер бекер болуы мүмкін.
- Май жағатын дәрілер ішу. Мұндай дәрі денсаулығыңызға үлкен зиян келтіруі мүмкін.
- Аш жүру. Адам бұлай су жоғалтады. Тіпті уақытша аш жүру де ауыр зиян келтіруі мүмкін.
- Үнемі спортпен шұғылдану. Физикалық белсенділік жақсы, бірақ бірнәрсені білуіңіз керек. Өйткені спорт тым көп болса, онда бұл сіздің әл-ауқатыңызға кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, адам дұрыс тамақтанбаса, кез келген жаттығудың күші дәрменсіз.
- Үнемі салмақты тексере беру. Таразыдағы сандар сіздің сымбатыңызды көрсетпейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова