Эндокринолог-дәрігер Дарья Абахина қандай әйелдерге қандағы қант деңгейін үнему тексеріп отыру ұсынылатынын және талдауға қалай дайындалу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Қандағы глюкоза деңгейін тексеру көмірсу алмасуының бұзылуын уақытында анықтап, сәйкесінше ем алуды бастауға және оның дамуының алдын алуға көмектеседі.
"Негізі глюкоза дейгейін барлық адам тексеріп отыру керек, өйткені қант диабетінің алғашқы белгілері ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін", - дейді маман.
Қандағы қант деңгейін кімдерге жиі өлшеу керек?
(Кем дегенде 3 жылда бір рет)
Қандай талдау тапсыру керек?
Медициналық талдаудан өтуге қалай дайындалу керек?
Талдауды 8-14 сағат бойы тамақтанбай таңертең аш қарынға тапсырған жөн. Қан тапсырар алдында ағзаға шамадан тыс күш салмаңыз.
Егер талдау нәтижелері бойынша бәрі жақсы болса, келесі де эндокринолог кеңесіне 3 жылдан кейін келуге болады. Бірақ егер сізде шөлдеу, жиі зәр шығару, жараның нашар жазылуы секілді қант диабетінің қандай да бір белгілері пайда болса немесе көп салмақ қоссаңыз, кейінге қалдырмай, қайта тексеруден өтіңіз.
Егер талдау нәтижесінен кейін "предиабет" диагнозы қойылса, онда қандағы глюкоза деңгейін жыл сайын тапсыру керек.
Айта кетейік, бұған дейін қант диабетінің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!