- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді зейнетақы қорындағы...
Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға болмайды: Үкімет түсінік берді
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату мәселесіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сарапшылар мен қаршыгерлер, экономистерден зейнетақы қорындағы артық ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуды тоқтату керек деген ұсыныс түсіп жатыр. Өйткені, қордағы қаржы кіріс болып саналады және оны адам зейнетке шыққанда алады", - деді Тамара Дүйсенова Мәжіліс кулуарында.
Үкімет басшысының орынбасары бұл мәселе қаралып жатқанын жеткізді.
"Аталған мәселе қаралып, талқыға салынады. Мұнда зейнетақы жинағындағы қаржысын ерте шешіп алғысы келетін азаматтар мен зейнеткерлердің мүддесі ескеріледі. Қазір біз бұл мәселені талқылаймыз. Қайталап айтайын, бүгінде бұл тек ұсыныс. Ұсыныс бізге түсті. Уәкілетті орган жұмыс тобын құрды. Менің ойымша, 2-3 айда мәселе қаралады. Жылдың соңында тек ұсыныстар болады", - деді вице-премьер.
Бұған дейін зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға рұқсат берілмеуі мүмкін екені хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен