Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Мұндай шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинағын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінім қабылдау тоқтатылады. Бұл күнге дейін берілген барлық өтінім қаралады және өңделеді", – деп мәлімдеді "Отбасы банк" өкілдері.
Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны қосымша хабарланады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова