Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанда заңдардың қазақша нұсқасы түсініксіз болса, кері қайтарылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның пікірінше, заңның мемлекеттік тілдегі нұсқасы сапасыз болса, оның министрліктің кері қайтаруға құқығы бар.
"Қолданыстағы заңнамада әр мәтінде, әр тілде жазылған текст халыққа түсінікті, қолдануға жеңіл болу керек деген талап көзделген. Егер мемлекеттік тілде олқылықтар болса, өзінің тиісті мамандар мен сарапшылар сол олқылықтарды анықтаса, ондай заң жобасын тіркеуден бас тартамыз. Демек, заңды бастамашы болған органға қайтарамыз", - деді министр.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!