Енді үй құрылысы қалай жүріп жатқанын онлайн бақылауға болады

Енді үй құрылысы қалай жүріп жатқанын онлайн бақылауға болады
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Құрылыс кодексі мен оған ілеспе заң жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құрылыс кодексінің жобасы және оған ілеспе заң жобасы мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін әзірленді. Жаңа Құрылыс кодексі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жүйелі механизмді белгілеуге, құрылыс процесінің барлық кезеңін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін eQurylys ақпараттық жүйесін енгізуге, құрылыс саласындағы рұқсаттардың бірыңғай тізілімін бекітуге, сәулет, құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға ұлғайту қарастырылған", - деді депутат Нұртай Сабильянов.

Құрылыс кодексінің жобасы 205 баптан тұрады.

"Ілеспе заң жобасы 4 кодекске, қолданыстағы 13 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Осыған байланысты комитет заң жобаларын жұмысқа алуға, олар бойынша қорытындылар әзірлеуге дайын", - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

Дауыс беру нәтижесінде Мәжіліс депутаттары заң жобаларын жұмысқа алды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz