• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі

Енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі
Фото: Midjourney

Қазақстанда енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі. Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұлттық қордың қаражаты, сіз тапсырғаныңыздай, тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін сұралады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз", - деді Бектенов.

Үкімет басшысы субсидиялау шығындары барлық салада тоқтаусыз өсіп бара жатқанын да айтты.

"Олардың нақты әсері есепке алынбайды әрі мемлекеттік органдардың тарапынан бақылау да әлсіз. Субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес моделінің бір бөлігіне айналды", - деп сынады премьер-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов АЭС құрылысы туралы айтты.

Еске салайық, бүгін, 28 қаңтарда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова