Танымал актер Жахан Отарғалиев белгілі журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында қандай әйелге үйленетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі болашақта үйленсе де, бұл туралы көпшілікке жария етпейтінін жеткізді.
"Баласы бар әйелге үйленуге қатысты ойым өзгерді. Қазір өте қатты өзгерді. Біз жыл сайын жасармаймыз, қартаямыз. Енді бұл сұрағыңа бір ғана сөйлеммен жауап берейін. Мен енді тек баласы бар келіншекті аламын. Болашақта келіншегімнің қанша баласы болса да еркелетемін. Мүмкін мен үйленіп алған шығармын. Сіздер оны білмейсіздер. жарымның алдындағы барлық міндетімді атқарамын. Керегімен қамтамасыз етемін, киіндіремін, асыраймын, бірақ оны көпке көрсетпеймін, айтпаймын", - деді актер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Санның пайызын қалай шығарады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!