- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Енді сіздердің кезегіңіз"....
"Енді сіздердің кезегіңіз". Фариза Ескерместің әкесінің құдасына айтқан өтініші жұртты елжіретті
Бұрынғы "Джейран" тобының солисі, әнші, актриса Фариза Ескермес ұзатылды. Ол Андрей есімді жігітке тұрмысқа шықты. Танымал актрисаның әкесінің құдасына айтқан сөздері жұртты елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фариза Ескермес инстаграмдағы сторисінде ұзату тойындағы бірнеше сәттермен бөлісті. Солардың бірінде оның әкесі құдасына өтініш айтады.
"Құдеке, Андрей, мен оны бала кезінен тек еркелетіп өсірдім. Енді сіздердің кезегіңіз. Сіздер оны еркелетулеріңіз керек. Ол ақылды, мансапқұмар, ешқандай кедергілер болмасын, мен ол бұл өмірде көптеген жетістіктерге жетеді деп ойлаймын. Қобалжып тұрмын. Мен оны қатты жақсы көремін. Ол әкесінің қызы", - деді актрисаның әкесі видеода.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова