"Енді сүрінуге болмайды". Нұртас Айдарбеков ажырасқан ұлына ақылын айтты

Нұртас Айдарбеков жақында ажырасып кеткенін мәлімдеген ұлы, әнші Заңғар Нұртасқа ақылын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкесімен сөйлескен әңгімені Заңғар Нұртастың өзі парақшасына салды. Видеода әнші WhatsApp-тағы чатты скрин жасап, әкесі қандай ақыл айтқанын жеткізген. 

"Иә, балам, өзің байқап көресің ғой. Жас емессің. Енді сүрінуге болмайды. Енді бәрін таразыға салып, дұрыстап ойлану керек. Үйлену - ойнайтын нәрсе емес қой. Бір-ақ рет шешілетін нәрсе. Осы жағын дұрыстап ойлану керек", - дейді Нұртас Айдарбеков. 

@kaz.stars

♬ оригинальный звук - Қазақстан жұлдыздары

Еске салайық, 23 ақпанда әнші Заңғар Нұртас әйелімен ажырасқанын ресми түрде жария еткен болатын. Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасында айтты. 

"Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.

Ол, сонымен қатар, өзінің жаңа қарым-қатынастарға ашық екенін және болашақ жарының бойында болуы керек қасиеттерді айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!