Жапонияның Айти префектурасындағы Тоёаке қаласында тұрғындарға жұмыс пен оқудан тыс уақытта смартфон қолдануды күніне екі сағаттан асырмауды ұсынатын жаңа ереже қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Japantimes-қа сілтеме жасап.
Бұл талап міндетті емес, оны бұзғаны үшін айыппұл салынбайды.
Қала әкімі Масафуми Коки бұл бастаманың мақсаты – "смартфонды шамадан тыс қолданудан туындайтын физикалық және психикалық денсаулық мәселелерінің, соның ішінде ұйқы проблемаларының алдын алу" екенін айтты.
Жобаға сәйкес:
Бірақ бұл жоспар желіде үлкен сынға ұшырады. Қолданушылар оны "қате ұсыныс" деп бағалады. Әкім бұл ұсыныстың міндетті ереже емес екенін және смартфондардың күнделікті өмірде қажет құрал екенін атап өтті.
Ереже жобасы келесі аптада қаралады, қабылданса, қазаннан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 2020 жылы Кагава префектурасы да алғаш рет осындай шектеу енгізіп, балаларға аптаның жұмыс күндері ойын ойнауға күніне бір сағат, демалыс күндері 90 минуттан артық уақыт бермеуді ұсынған болатын.
Балалар мен отбасылар агенттігінің наурызда жариялаған зерттеуіне сай, жапон жастары жұмыс күндері интернетте орта есеппен бес сағаттан астам уақыт өткізеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!