- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді шенеуніктерге қазақ...
Енді шенеуніктерге қазақ тілін білу міндеттелуі мүмкін
Жоғары лауазымды қызметкерлерге қазақ тілін білуі міндеттелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов мәлімдеді.
"Жоғары лауазымды қызметкерлерге мемлекеттік тілді білу міндеттелуі мүмкін. Егер бұл жөнінде Үкіметтің қаулысы шығатын болса, Мемлекеттік қызмет агенттігі Президент әкімшілігіне ұсыныс береді. Егер Президент әкімшілігі бұл ұсынысты қолдаған жағдайда мемлекеттік тілді білу міндеттеледі. "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына" сәйкес бұл мәселе 2024 жылғы жобада тұр", - дейді ол.
Айта кетейік, жуырда қырғыз елі мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді міндеттеді. Осыдан кейін отандық БАҚ "Қазақстан да неге Қырғызстаннан үлгі алмайды?" деп мәселе көтерген болатын.
Еске салайық, бұған дейін қазақ тілінде білім алатын оқушылар саны көбейгені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?
Серік Құдайбергенұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова