- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әуекомпания
Енді рейстің кешіккені үшін әуе компанияларға айыппұл салынады - депутат
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әуе компания жолаушыларының құқықтарын қорғаудың жаңа құқықтық механизмі әзірленіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарларында журналистер депутаттан Air Astana әуе компаниясы рейске жібермей, Астана әуежайында жалғыз қалдырған 12 жастағы оралдық қыздың отбасына өтемақы төлеуге қатысты іс бойынша сот шешіміне апелляциялық шағым беру жағдайы туралы сұрады.
Депутат мәліметінше, әуе компания сот шешіміне шағымдануға құқылы.
"Біз қазір барлық әуе компанияға рейстерді кешіктіргені үшін айыппұл салатын механизм әзірлеп жатырмыз. Қазір тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасы аясында біз әуе компанияға, сондай-ақ әуежай басшылығына шағымданудың және тексерудің құқықтық механизмін әзірлеп жатырмыз", - деді депутат.
Еске салайық, биыл 21 шілдеде Fly Arystan әуе компаниясы кәмелетке толмаған Зерені Астана-Орал рейсіне жібермей қойған. Жоспар бойынша ол егіз әпкесімен бірге тұрғылықты жеріне ата-анасына ұшуы керек еді. Бірақ қыз Астана әуежайында жалғыз қалған.
2024 жылы 26 қыркүйекте отбасының адвокаты ААК Air Astana-ға қатысты хаттама жасап, материалдарды әкімшілік сотқа жібергенін хабарлады. Нәтижесінде компания әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Содан кейін компанияға 1000 АЕК (шамамен 3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Кейінірек сот Air Astana-ны моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә