- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді "Отбасы банкте"...
Енді "Отбасы банкте" депозиті жоқ адамдар ипотеканы үш айдан кейін бір-ақ рәсімдей алады
Енді депозиті жоқ және бағалау көрсеткіші (ОП) 2,5-нан төмен адамдар ипотеканы бірден рәсімдей алмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Отбасы банк" өкілдерінің сөзінше, 15 мамырдан бастап сізде төмен сараланған мөлшерлеме бойынша несие алу мүмкіндік болады. Егер бұрын ставкалар 7 пайыздан 11,5 пайызға дейін болса (ЖТСМ 7.4 пайыз дан бастап), енді ставка 6 пайыздан 10 пайызға дейін болады (ЖТСМ 6.2 пайыздан бастап).
Ставка неге байланысты?
Кредит бойынша мөлшерлеме депозитте жинақтау мерзіміне және оны толтыру кезеңділігіне байланысты болады. Яғни егер бұрын депозитте жинақ ақшасы жоқ клиенттер "Отбасы банкіндегі" жинақ шотына тұрғын үй құнының 50 пайызын салса, олар бірден 11,5 пайыз мөлшерлемемен аралық несие алатын. Бұл ретте бағалау көрсеткішінің (бұдан әрі-ОП) мәні нөлге тең болды.
Енді жинақ ережелері өзгеріп жатыр. Несие алу үшін ең төменгі ОП 2,5 болу керек.
Ал OП 2.5 алу үшін не істеу керек?
ОП 2,5 болу үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде депозит толықтырылған сәттен бастап 3 ай өту керек. Содан кейін банк максималды мөлшерлеме бойынша несие береді - несиенің пайызы 10 болады.
Бұл нені білдіреді?
"Отбасы банк" депозитте ақша жинауға ынталандырады және өз клиенттеріне жылжымайтын мүлікті төмен мөлшерлемемен сатып алу үшін несие алу мүмкіндігін ұсынады. Дұрыс үнемдеуді білу-бұл біздің қаржылық жоспарлауымыздағы өте маңызды аспект. Ақыр соңында, бұл сіздің болашақта қаржылық табысқа жетуіңіздің кілті", - делінген банк хабарламасында.
Бұл өзгерістер келесі бағдарламаларға әсер етеді:
- Банктің нарықтық бағдарламалары - бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу, жер учаскесін сатып алу, тұрғын үйді жөндеу және жаңғырту мен құрылыс мақсаттары үшін.
- "Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй" жобасы бойынша кредит беру шарттары, "өз үйің" бағдарламасы.
- "Жаңа баспана" (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін)
2023 жылғы 15 мамырдағы күні алдын ала мақұлдау алып алған клиенттер, бұрынғы шарттар бойынша несие ала алады.
Тұрғын үй және алдын ала қарыздар бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина