2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт-Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай, яғни ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа – бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді", - деді президент Жолдауда.
Айта кетейік, Қазақстанда әкімдерді сайлау тарихы 1999 жылы басталды - алғаш рет эксперимент Алматы облысының Шамалған ауылдық округінде өтікізілді. 2001 жылы елдегі 28 ауылдық елді мекенде әкімдер сайланды.
Ауыл әкімдерін сайлау 2013 жылға дейін жанама әдіспен жүзеге асырылып, кандидаттарды аудан әкімдері ұсынылатын, ал оларды мәслихат депутаттары бекітіп отырды. Сол жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері туралы заң қабылданып, бұл үдеріс заңдастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келгенде 2020 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы ұсыныс жасады. 2021 жылы заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, сол жылдың 25 шілдесінде алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өтті.
Бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.
Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!