- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді министрлер журналистермен...
Енді министрлер журналистермен кесте бойынша кездеседі
Үкіметі мүшелері мен орталық мемлекеттік органдар ресми өкілдерінің брифинг өткізу кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Енді министрлік басшыларымен белгіленген кесте бойынша брифинг өткізуге болады. Мәселен, премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айына бір рет брифинг өткізсе, Сыртқы істер министрлігі өкілі апта сайын өткізеді. Ал су жаңа министрлер - туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тек қазанда брифинг өткізетіні көрсетілген.
Сонымен қатар, шетелдік іссапарлар осы кестедегі брифинг өткізу кезеңімен сәйкес келген жағдайда брифинг келесі аптаға ауыстырылатыны айтылды.
Орталық мемлекеттік органдар осы кесте бойынша брифинг өткізу алаңын өздері таңдауға құқылы екені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова