Қазақстанда мереке және атаулы күндері берілетін біржолғы төлемнің ең төменгі шегі белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қазір өңірлердегі әлеуметтік көмектің түрі мен көлемі әртүрлі, себебі олар жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне байланысты беріледі.
"Осыған байланысты жаңартылған қағидаларда біржолғы төлемнің ең төменгі мөлшері бекітілді. Мереке күндері және атаулы күндерге берілетін төлем үшін төменгі шек енгізіліп, енді мұндай көмек 2,5 АЕК-тен кем болмайды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері - 4 325 теңге.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова