Айжұлдыз Адайбекова анасы мен әпкесіне қажылыққа жолдама сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айжұлдыз Адайбекова Instagram Stories-інде анасы мен әпкесіне Ұмра қажылығына жолдама сыйлағанын айтты. Ол бұл сыйлықты досы арқылы алған.
"Қайтар кезде маған бір идея келді. Кәдімгідей жылулық сездім, бір шетінен, анам пен әпкеме ең дұрыс сыйлық осы болар деп алдым", - дейді ол.
Жанар Айжанованың қызы анасынан бөлек өзін бала кезінен баққан әпкесін де қуантуды жөн санаған.
"Біздің ата-анамыз бен жақындарымыз тек жақсыға лайық. Мәңгі емеспіз, сондықтан барлығына жиі жылы сөз айтып тұрыңыздар. Анам мен әпкемді Ұмраға жіберемін деп шештім. Әпкем мені өсірді, бақты. Енді менің кезегім", - дейді Айжұлдыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!