MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі жаңартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер тіркейтін. Енді рәсімдер барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы суретті қолдануға тосқауыл қояды.
"Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!