“Енді маған ұрыспайсыздар“. Қарағанды әкімінің жазбасы жұртты күлдірді

“Енді маған ұрыспайсыздар“. Қарағанды әкімінің жазбасы жұртты күлдірді
Фото: inkaraganda.kz

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов Instagram-парақшасында жол құрылысы аяқталғаны туралы жазып, жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ура! Достар, мені ертеңнен бастап ұрыспайтындарыңызға қуанып отырмын! Бұл сәтті сіздерден бұрын мен қатты күттім. Четская көшесіндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуына аз қалды. Мен қатты қуанып отырмын.

Бұған дейін Дүйсембеков көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі жолды ашқан болатынбыз", - дейді әкім.

Мейрам Кожухов қалған көшелердегі жөндеу жұмыстары не үшін кешігіп жатқанын түсіндірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кожухов Мейрам (@meiram_kozhukhov)

Әкімнің оқырмандары бұл жазбасына түрлі пікір қалдырған. 

"Кім не десе де - жарайсыз! Сізді бетпе-бет көріп, сөзімен емес, ісімен дәлелдеп жүрген бірінші әкімсіз!"

"Күшті жаңалық, рақмет сізге! Жұмыскерлердің де еңбегі зор, жарайсыздар!"

"Осылай елдің батасын алуға тырысу керек", - дейді желі қолданушылары.  

Айта кетейік, Мейрам Кожухов 2023 жылдан бастап Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет етіп келе жатыр. Бұған дейін ол қала әкімінің орынбасары болған. 

Әкім әлеуметтік желіде белсенді. Оның Instagram-парақшасында 14 мың оқырманы бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина