- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді қыста малын...
Енді қыста малын далаға жіберіп қоятындар жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қыста малын далаға жіберіп қойған азаматтар жауапкершілікке тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ауа райына байланысты қыста мал өлімі көп болып жатыр. Бұл жағдай әлі де қайталануы мүмкін дедіңіздер. Бұл мал азығынан жеткіліксіз дайындалғанынан болып отырған жоқ па? Қазір жағдайды бақылауда ұстап отырсыздар ма?" - деп сұрады БАҚ өкілі министрден.
"Мал азығы 100 пайыз дайындалды. Алайда көбіміз кейде жылқыны далаға жіберіп қоямыз. Оған немқұрайлы қарап, кейін мәселе туындап жатады. Жалпы мал қаңғырып жүрмеуі керек, оны қарауға арнайы адам болуға тиіс. Осындай қиын, қатаң суықта жылқышы болса, ондай жағдай болмайды. Қазір мәселені қарастырып жатырмыз. "Алдын ала бізге көп мал қатып қалды" деп еді. Бүгінгі таңда бір жерде 5, енді бір жерде 7 малы өлген азаматтар бар. Мәселе бойынша кейін жауап беріп, керек болса жауапқа тартамыз. Қыстыгүні малды далаға жіберіп қоюға болмайды ғой?! Мал ұстағаннан кейін оны күтіп, жазда жем-шөбін дайындау керек. Ал жалпы жұмыс бақылауымызда", - дейді Айдарбек Сапаров.
Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz