2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ustinka.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір өңір бойынша мұндай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала ие. Бұған 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген.
Келер жылы облыста жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарланған.
"Енді келесі жылдан бастап "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді", - деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!