- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді қоныс аударушылар...
Енді қоныс аударушылар көшкен аймақтан басқа жерде жұмыс істей алмайды
Енді қоныс аударушылар қоныстану аумағынан тыс жерлерде жұмыс істей алмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару мәселелерін реттеу саласындағы қолданыстағы құжатқа түзетулер әзірлегенде мәлімдеді.
Атап айтсақ, түзетудегі басты түзету - қоныс аударушылардың көшкен аймақтан басқа жерге жұмыс істей алмауына бағытталған. Министрліктің шешімімен қандастар мен қоныс аударғандарды қабылдайтын өңірлік квота жүйесі, мемлекет тарапынан төленетін қаражатты 2025 жылғы наурыздан бастап автоматтандыру жоспарланып отырғаны да белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева