- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді көңіл күйіңіз...
Енді көңіл күйіңіз болмаса, жұмысқа бармауға рұқсат етіледі
Қытайдағы Pang Dong Lai супермаркеттер желісінің иесі көңіл-күйі нашар қызметкерлеріне жұмысқа шықпай, демалуға мүмкіндік берді. Бұл демалыс 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Ал компаниядағы жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күннен 40 күнге дейін ұлғайтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі scmp.com сайтына сүйене отырып.
"Мен қызметкерлерімнің еркін болғанын қалаймын. Әркімнің бірнәрсеге көңілі толмайтын сәттері болады, сондықтан егер сіз көңіл күйіңіз болмаса, жұмысқа келмей-ақ қойыңыз", - деді кәсіпкер Ю Доңлай.
Магнат ұзақ жұмыс уақытын насихаттайтын қытай мәдениетін айыптайды. Сондықтан оның қызметкерлері күніне 7 сағат жұмыс істейді, оларға арналған демалыс күндері және бірқатар жеңілдік бар.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл идеяны қолдай кетті.
"Мұндай көшбасшылық пен корпоративтік мәдениет бүкіл елде насихатталуы керек", "Мен қазір Pang Dong Lai-ға ауысыпы кеткім келеді. Онда бақытты болатын сияқтымын әрі сонда мені бәрі құрметтейтін сияқты", - деп жазған Weibo қолданушылары.
Айта кетейік, сауалнамаға сәйкес, қытайлық жұмысшылардың 65 пайыздан астамы жұмыста өзін шаршаңқы және бақытсыз сезінеді. Төмен жалақы, күрделі тұлғааралық қарым-қатынас және ұзақ уақыт жұмыс істеу мәдениеті жағымсыз эмоциялардың негізгі көзі ретінде танылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек