- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді көлікті мас...
Енді көлікті мас күйде жүргізген қазақстандыққа жүргізуші куәлігі берілмейді
Фото:
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда көлікті мас күйде жүргізген адамдарға жүргізуші куәлігі берілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аталған заң жобасын Сенат мақұлдады.
Министрдің орынбасары заңдағы жаңа норманы түсіндірді.
"Жүргізуші куәлігі жоқ адам туралы айтайын. Мысалы, ол мас күйде әкесінің көлігіне отырды дейік. Біз оны ұстаймыз. Соттың үкімімен күдікті 20 тәулікке қамауға алынады. Оның жүргізуші куәлігі жоқ, ол одан айырылмайды.
Ертең ол ХҚКО-ға барып, жүргізуші куәлігін алып, 3 айдан соң көлікті басқара алады. Бұл әділетті емес. Сондықтан ол заң бойынша 7 жыл жүргізуші куәлігіне тапсыра алмайды", - деді Игорь Лепеха.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен