- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлік иелеріне
Енді көлік туралы ақпаратты қосымша арқылы тексеруге болады
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
eGov Mobile қолданушылары енді өз автокөліктері туралы ақпаратты ХҚО (ЦОН) бөлімшелеріне бармай-ақ тексере алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа қызмет арқылы Қазақстанда автокөліктің тіркелген күнін, кепіл немесе шектеулердің бар-жоғын, сондай-ақ бұрынғы иелерінің санын білуге болады.
Бұл қызметті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасын ашып, "Қызметтер" бөліміне өту керек, одан кейін "Жүргізу және көлік" және "Автокөлік иелену тарихы" бөлімін таңдау қажет.
Бұрын мұндай ақпаратты тек ХҚО бөлімшелерінде ғана алуға болатын, бұл автокөлік иелері үшін қосымша қолайсыздықтар туғызатын еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек