- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді қазақстандықтар шетелге...
Енді қазақстандықтар шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қосымша арқылы тексере алады
Фото:
Tengrinews.kz
Енді қазақстандықтар шетелге шығуға тыйым салынған-салынбағынын мобильді қосымша арқылы тексере алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп АІЖО ААЖ (атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) мобильді қосымшасын әзірледі.
Пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:
- Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
- Елден шығуға уақытша тиым салу мен шектеулерін тексеру.
- Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)
- Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
- QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу. Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан