Енді Қазақстанда жасанды интеллект жалған рецепттерді анықтайды

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процестерін оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллектіні белсенді пайдалануды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.

"Министрлік дәрі-дәрмектерді уақытылы жеткізу кезінде ЖИ-ді пайдалануды жоспарлап отыр. Жасанды интеллект жалған рецепттерді анықтау үшін де қолданылады", - деді Тимур Мұратов.

Вице-министрдің сөзінше, бұл жұмыстар Президенттің саланы ауқымды цифрландыру бойынша берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!