- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Енді қайталамаймын". Танымал...
"Енді қайталамаймын". Танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды
Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген хабарламада.
Желі қолданушылары айыппұл арқалаған танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова екенін жарыса жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұл оқиғаның болғаны рас. Түсірілімге бола рулге 15 секунд отырдым. Видеоны әлеуметтік желіге салған мен емес едім, қазір бұл видео жоғалып кетті. Мен көлік жүргізбеймін, жүргізушім бар. Рулге отырғаннан кейін қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетіппін. Айыппұлды төледім", – деді актриса Tengrinews.kz тілшісіне.
Сондай-ақ өнер иесі басынан өткен қателік басқаларға сабақ болғанын да айтты.
"Көліктің иесі – өзім. Бірақ оны сирек жүргіземін. Бұл оқиға менің командама сабақ болды. Мен заңды бұзбаймын. Біздің органдардың қалай жұмыс істейтінін көріп, риза болдым. Енді қайталамаймын. Бағдаршамға бағынып, белдікті тағып, жол ережесін сақтап жүріңіздер", – деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы