- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді журналистің ресми...
Енді журналистің ресми сауалына 5 күнде жауап бермеген мемлекеттік органдар жазаланады
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда журналистің ресми сауалына 5 күнде жауап бермеген мемлекеттік органдар тәртіп жазаға тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Масс-медиа туралы" туралы заңды мақұлданған еді.
Қанат Ысқақов бұл заң журналистердің құқығын қорғауды көздейтінін айтты. Вице-министрдің сөзінше, енді БАҚ өкілі ресми сауалына мемлекеттік органнан 5 күн ішінде жауап алмаса, министрлікке ескертуге тиіс.
"Мұндай деректер болса, өкілетті орган туралы біздің министрлікке жазасыз. Біз тиісті тексеріс жүргізіп, сұраққа қасақана жауап берілмесе, өкілетті органды тиісті тәртіптік жазаға тарту жағын қарастырамыз", - деді Қанат Ысқақов Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Министрдің орынбасары журналистердің ресми сауалына мүлдем жауап берілмесе, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жазаға тартылатынын ескертті.
"Мұнда әкімшілік немесе қылмыстық жаза қарастырылмаған, тәртіптік жаза ғана бар. Тәртіптік жаза яғни сөгіс жарияланады", - деді вице-министр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен