- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді ит-мысығын қаңғытып...
Енді ит-мысығын қаңғытып жібергендер жауапқа тартылады
Енді Қазақстанда үй жануарларын тіркеуден жалтарып, қаңғытып жібергендер жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Талғат Ердешев есепке алудың чип, қарғыбау, болюс сияқты 6 түрі бар екенін айтады. Мұны үй жануарларының иесі өзі таңдайды. Олардың бағасы да әртүрлі.
"1 қыркүйектен үй жануарларын міндетті есеп қою қағидаты күшіне енеді. Сол кезде қаңғыбас иттер мен мысықтардың саны артуы мүмкін. Алайда қаңғыбас иттер мен мысықтардың бәрі жергілікті бюджет арқылы чиптеліп, уақытша ұстау орындарына жіберіледі", - деді комитет өкілі.
Ал олардың санын жергілікті атқарушы орган реттейді екен.
Азамат Қойшығара
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz