Қазақстан инвесторлар, бизнес өкілдері және өзге де шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібін оңтайлы болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жеңілдетілген және инвестициялық режимдер аясында түрлі преференциялардың кең ауқымы ұсынылған. Бұл – инвесторлар мен кәсіпкерлер арнайы визалық режимдерді, өтінімдерді жедел қарау рәсімдерін, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін пайдалана алады деген сөз.
Жеңілдетілген шарттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстанда жұмыс істеу үшін келетін шетел азаматтарына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қолдаухаты болған жағдайда экономикалық және әлеуметтік жобаларға қатысушыларға да қолжетімді.
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жаһандық еңбек нарығын түбегейлі өзгертуде. Әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары бар мамандарға сұраныс артып келеді. Осыған байланысты сұранысқа ие мамандықтар тізімінде ерекше назар ІТ саласына аударылған. Сонымен қатар денсаулық сақтау, креатив индустрия, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және өңдеу салаларында да сұраныс жоғары.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!