Бүгін Сенат Қазақстанда еңбек жағдайын жетілдіруге және жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған заң қабылдады. Заңға сәйкес енді еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (ГПХ) жасауға болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатта еңбек қатынасын реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қорғалуына қатысты бірқатар өзгеріс қамтылған. Соның ішінде еңбек шартын азаматтық-құқықтық шартпен (ГПХ) алмастыруға болмайды.
Мұндай белгілерге мыналар жатады:
- жұмысшы жұмысты белгілі бір мамандық немесе лауазым бойынша орындауы;
- жұмысты компанияның ішкі тәртібіне бағынып, жеке өзі орындауы;
- еңбекақы түпкілікті нәтиже үшін емес, жалпы еңбек процесі үшін төленуі.
Бұдан бөлек, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салынады. Бұл шектеу штат қысқартылғанда немесе өндіріс көлемі азайған жағдайда да қолданылады.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың құқығын қорғау мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова