- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді ЕАЭО-ға мүше...
Енді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер рубльмен сауда жасамақ
Мәжілістің жалпы отырысында "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Татьяна Савельева аталған заң жобасы Мәжіліске 2024 жылғы 4 тамызда Үкімет қаулысымен енгізілгенін атап өтті.
"Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібі және оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттінің кірісіне аудару туралы хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің қарсы міндеттемелерінің сомасын аудару тетігін айқындайды.
2022 жылдан бастап Ресей Федерациясы АҚШ долларымен (ЕАЭО туралы шарт шеңберінде) қарсы міндеттемелерді есептеуді тоқтатты. Осыған байланысты, осы хаттамаға уақытша тетікті айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде орталық банктер арасындағы қарсы міндеттемелер айырмасының сомасы Ресей рублімен аударылады", - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.
Татьяна Савельева бұл өзгерістерді енгізу кеден баждарын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аударудың үздіксіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті.
Депутаттар заң жобасын қарауға алды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен