- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді дәрігердің қабылдауында...
Енді дәрігердің қабылдауында болғаныңызды QR-код арқылы растай аласыз
Енді дәрігердің қабылдауында болғаныңызды QR-код арқылы растай аласыз. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай пилоттық жоба қазір Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір емханаларында іске қосылды.
Вице министрдің айтуынша, емделуші eGov мобильді қосымшасы арқылы QR кодын сканерлейді. Қосымша науқастың емді бастаған уақытын, медициналық ұйымның атауын, дәрігердің аты-жөнін және емді аяқтаған уақытты көрсетеді.
"Емханалар мен клиникалардағы дәрігерлердің жұмыс орнында QR коды болады. Науқас eGov мобильді қосымшасы арқылы QR кодын сканерлейді, содан кейін қосымша науқас туралы ақпаратты: емді бастаған, аяқтағанын, қай медициналық ұйымға келгені және дәрігердің аты-жөнін көрсетеді. Осылайша ол қабылдауда болғанын растай немесе жоққа шығарады", - деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек