- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Енді Байзақова емеспін"....
"Енді Байзақова емеспін". Танымал блогер күтпеген мәлімдеме жасады
Танымал блогер Айжан Байзақова тегін өзгерткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы блогер The DS' Show бағдарламасында бөлісті.
Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан блогердің тегін өзгерткенін, құжатының бәрін ауыстырғанын айтты. Айжан Байзақова бұл ақпаратты растады.
"Бұрын ешқашан тегімді өзгертпеймін дейтінмін. Маған өз тегім ұнайтын. Бірақ бұл - өмір. Менде таңдау болмады. Күйеуімнің сөзі - заң"
Блогердің күйеуі Нұрбек тегін өзгертуге ешқандай шарт қоймағанын айтты. Динара Сәтжаннің сөзінше, блогер енді Айжан Арыстанова.
Еске салайық, бұған дейін Айжан Байзақова күйеуі мен ұлының қарым-қатынасы туралы айтқан еді.
Оның сөзінше, ұлы Алан қазіргі күйеуін әке деп атауды өзі қалаған.
"Олардың махаббатына күмәнданатын немесе Алан Нұрбекті қалай атайтынын шешкісі келетін зұлымдар бар. Нұрбек бәрін істе көрсетті, тіпті Аланның өзі оны "әке" деп атағысы келді. Олар бір-бірін жақсы көреді, олардың қарым-қатынасына басқа түгіл, өзім де араласпаймын", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дабыл дорбасында не болуы керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек