- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баспана мәселесі
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
Фото:
Midjourney
Баспана кезегіне бұрынырақ тұрғандар сәйкесінше пәтерге алдыңғы кезекте ие болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заңда осы мәселе ескерілген. Жаңа тәртіпке сай енді азаматтарға баспана беру олардың кезекке алынған мерзіміне байланысты қарастырылады.
Бұрын баспананы үлестіру азаматтардың белгілі санатына сай іске асырылатын. Тағы бір маңызды тетік - баспана кезегінде тұрған азаматтардың табыс деңгейіне назар аударылады.
Яғни кірісіне сай жалдау құнын мемлекет тарапынан субсидиялау немесе жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру мүмкін болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина