Танымал әнші Мадина Сәдуақасова күтпеген жаңалығын бөлісті. Ол енді продюсермен жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram-парақшасында айтты. Оның айтуынша, ол 27 жыл бойы өнерде продюсерсіз жұмыс істеп келген.
"27 жыл бойы өнерде продюсерсіз жұмыс істеп келдім. Енді бәрі өзгерді. Менде енді продюсер бар. Есімі - Ілияс. Небәрі 25 жаста болса да, көптеген жобада, музыкалық арнада жұмыс істеген. Ал енді сәттілік бізге. Жұмысымыз студиядан басталды", - деп жазған әнші.
Еске салайық, Мәдина Сәдуақасова "Екі адамға бірдей ғашықпын дегенге сену бола ма..?!" деп, оқырмандарын ойландырып қойған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ пен қалмақ арасын бітістірген би-шешен кім?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!