Енді ауызсудың тарифі жаңа әдіспен есептеледі

Жергілікті атқарушы органдар халық үшін ауызсу тарифін өзі белгілейді. Оның мөлшері республикадағы орташа тариф шегінде болуға тиіс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су кодексіне сәйкес мәслихаттарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне және су тарифіне қарай ауызсудың 1 текше метріне төлем мөлшерін реттеуге рұқсат етіледі.

"Бүгінде жергілікті атқарушы органдар халыққа төлем мөлшерін айқындау үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бір адамға тәулігіне 140 литр көлемінде су тұтыну нормасы бекітілген, ал одан асып кеткен жағдайда тұтынушы артық көлем үшін 30% жоғары мөлшерлемемен төлейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!