- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді астаналық оқушыларға...
Енді астаналық оқушыларға көлік картасы қажет емес - CTS
Фото:
Фото: Tengrinews.kz
Алдағы уақытта елордада оқушыларға жолақысын төлеу үшін көлік картасы керек болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі СТS компаниясына сілтеме жасап.
Жақын күндері Астанада оқушылар мен жеңілдігі бар тұрғындарға арналған виртуалды жол жүру картасы енгізіледі. Валидацияны телефонның көмегімен QR кодты сканерлеу, валидаторға тигізу және басқа да ыңғайлы тәсілдер арқылы іске асыруға болады. Осылайша, көлік картасын алып жүрудің қажеті болмайды, - деп жазылған компания таратқан хабарламада.
Виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүргізіледі.
Виртуалды карталарды рәсімдеу және пайдалану тәртібі, жобаны іске қосу мерзімі туралы толық ақпарат CTS-тың ресми сайтында және әлеуметтік желісінде жарияланады.
А. Есен