Қарулы күштерінің бас штабы бастығының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Омаров Қазақстанда әскерге бармаған жастарға "ақ билет" берілмейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, әр азамат өзі жайлы ақпаратты EGOV порталынан ала алады.
"Мемлекетіміздің қарулы күштерінде жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация іс-шараларының нәтижесінде біз бұрын да болған әскери есеп жүйесінен бас тартып, жаңа цифрлық әскери жүйеге жол беріп отырмыз. 27 жасқа толған азаматтарға әскери қызметін өткермеген кезде де әскери билет ие болушы еді.
Қазіргі таңда цифрлық трансформация нәтижесінде бүкіл әскери қызметке байланысты мәліметтер EGOV порталындағы азаматтарымыздың жеке кабинетінің әскери қызметке байланысты бөлімінде көрсетіледі. Сондықтан, біз әскери билетті бермеу шешіміне келдік", – деді Руслан Омаров ОКҚ-да.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!