TikTok-та тойда жігітке доллардан жасалған шапан кигізгендердің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видеоны TikTok-та miami_boyy атты қолданушы жариялаған. Онда әйелдің жігітке доллардан жасалған шапан жауып жатқаны көрінеді, кейін ол шапанын бәріне көрсетіп, залда модель секілді жүріп шығады.
"Америкада тек осылай", - дейді видеодағы жігіт.
@miami_boyy В Америке только так #америка #рек #той #свадьба #хочуврек ♬ original sound - Alik S
Желі қолданушылары бұл құр мақтан екенін айтып, дәстүрді келеке қылу екенін жеткізген.
"1 доллардан ғой", "Әдеттегідей қазақтар", "Қазаққа мақтанса болды", "Ең қымбат шапан", "Біздікілерге бекер мұндай идея бердіңдер, енді Қазақстанда әр тойдан осындай шапан күтіңдер", "Қазақтың дәстүрін енді ойын қылыңдар", - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.