"Енді ақшаны қайда салып беремін?" Болат Назарбаевтың тоқалы онымен алғашқы кездескен сәтін айтты

"Жақсы-жаманды орнына қойғым келеді, шындықты ашқым келеді" деп сұхбат берді Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уақыт көрсетеді" жобасына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында әнші өзінің жары Болат Назарбаевпен қалай танысқанын айтады. 

"2016-да ол кісімен таныстық. Келесі күні таңертең 8-де кел деді. Ол кезде жасым 27-де. Маған бірден 15 сотық жерімен 362 шаршы метр үй сыйлады.  Осыдан кейін 1 аптадан кейін некемізді қидық", – дейді Динара Әлжан.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай таныстық сәтін нақтылаған сәтте, мынадай оқиғамен бөлісті.

"Алғашқы кездесуге келгенде "Неге кішкентай сөмкемен келдің, жаным?" дегенде мені төмендетпек болды деп ойлағам. Бірақ ол "Жоқ, жаным, ақшаны енді қайда салып беремін?" – деді.

Одан соң өзіне берген ақшаны не істегенін айтып берді.

"1 миллион долларға жуық қаражат берді. Көмегі ретінде, жағдайымды жасасын деп. Анам бар анама операция жасауға жақсы көмектесті. Ол ақшаны алдым да анама үй алып бердім Ақтаудан, ағама көлік алып бердім. Кредиттерін жуып бердім. Дым көрмегендік емес, жақындарыма көмектескім келді" – дейді Динара Әлжан.


Болат Назарбаев халық аузында жүрген адам сияқты емес деп,  ол кісіні жақсы көріп қалғанын айтты.

"Көтеріп қалғаннан кейін, бала түсіп қалды. Дәтім бармады айтуға. Мен қорықтым ол кісіні жоғалтып алам ба, менен кетіп қала ма деп. Ол кісі көтерерсің әлі уайымдама деп айтты. Мен жақсы көріп қалдым"– дейді Динара Әлжан.


Олар 2018 жылы ажырасып кеткен.