Енді әкімдердің жұмысы жаңа тәсілмен бағаланады

Енді әкімдердің жұмысы нақты индикатор бойынша бағаланады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің жұмысына KPI енгізуді тапсырды. Ол үшін "Отбасының цифрлық картасы" платформасы негізінде "шұғыл" және "дағдарыс" деңгейінен "қанағаттанарлық" және "бақуатты" деңгейге дейінгі бес санат бойынша қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіледі. Отбасылардың қанағаттанарлықсыз санаттан жақсы деңгейге көшу динамикасына және керісінше көрсеткішке байланысты жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланады.

"Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі "дағдарыс" және "шұғыл" санаттардағы отбасыларды жыл соңына дейін 31,2 мың отбасына дейін қысқартуды тапсырды. Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті - еліміздегі өмір сапасын жақсарту. Тетік бар, мемлекеттік қолдау шаралары жұмыс істейді, мемлекет қажет қаражатты бөледі. Біз әкімдердің халықтың әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін нақты бағалау критерийіне көшеміз. Индикаторлардың орындалу мониторингі тұрақты болады. Біз онлайн режимінде динамиканы көріп, қорытынды жасаймыз", - деді Олжас Бектенов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!