Әнші Роза Әлқожа шығармашылығына қатысты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жақында жаңа әні жарыққа шығатынын айтты.
"Қайран, жастық!". Осындай атпен жеке шығармашылық кеш бермекпін. Биыл 43-ке толады екенмін. Алла қаласа, жастық та өтіп барады өз орнымен. Енді әже болуға, немереге ән арнауға бұйыртсын!" - деді ол.
Желі қолданушылары әншінің әні мәнді екенін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
"Розаның мына әні үлкен дүние, үлкен дүниені түсінуге үлкен жүрек керек. Тыңдарманның жүрегін жаулағай", "Роза жөнінде сөз жоқ, ән де керемет, жалпы сүйініп тыңдаймын", "Бұйырса немерелеріңіз, шөберелеріңіз көп болсын. Ұл-қыздарыңыздың қызығын Айдын ағаймен теңдей көріп жүре беріңіздер. Бар жақсылықты тілеймін, жаным әпкем", "Жаңа әнің керемет! Шабытыңа шабыт қосылсын, алтын қыз, аман жүр", - деді олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!