Google компаниясы өзінің пошта қызметінің функционалдығын кеңейтуді басты назарға алып отырған сияқты. Әзірге Gmail мен Wallet қызметтерінің біріккен нұсқасы тек АҚШ пен Еуропа елдерінде ғана қолданысқа берілген.
Ғаламтор ақпараттарына орай, интернет алыбының пошта қызметін пайдаланушы Ұлыбритания азаматтары енді ақша аударымдарын жасай алады. Бұл үдерісті іске асыру үшін хат жазу кезінде соманың санын жазып, арнайы фунт стерлинг (Ұлыбритания валютасы) белгісін басу керек. Бұл қызметті 18 жасқа толған азаматтар пайдалана алады.
Қызметті пайдалануға артық төлемеу үшін өз аккаунтыңызды Google Wallet қызметіне тіркеп қоюыңыз қажет. Онсыз қызмет салығы толық көлемде алынып отырады.
Айта кетсек, осыған дейін Gmail аударымдары алғаш АҚШ азаматтарына қолжетімді болған. Ал біріккен қызметтің өзге де елдерде пайда болу уақыты әзірге белгісіз болып отыр.
Сурет: www.cultofandroid.com
Оқи отырыңыз:
Google-дің жаңа гаджеті қатерлі ісіктің алдын алады
Google мобильді оператор қызметін ашпақ
Google басшысы Интернет жойылып кетеді деп болжады
Google ғарышты игеруге бет бұрды