Актриса, әнші Мереке Қалбаева шаңырақ көтергеніне 5 жыл толуына орай күйеуіне су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жаңалықты Мереке өзінің Instagram-парақшасында жариялады.
"Жас болса да, бас болып жүрген отағасына сыйлығым. Шаңырақ көтергенімізге 5 жыл толуына орай Тoyota land cruser 200 автокөлігін сыйға тарттым, енді 50 жылдан кейін тоқал алып беремін", - дейді өнер иесі.
Көліктің бағасы айтылмады, бірақ нарықтағы бағасы шамамен 60-70 миллион болады.
@gulnur.serikbay Пабликтерде жүретін видеоғой мынау?
♬ оригинальный звук - GUL-NUR
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!