Енді 50 жастан асқандар мектеп күзетшісі бола алмайды

Енді 50 жастан асқандар мектеп күзетшісі бола алмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 31-арнаға сілтеме жасап. 

Енді мектеп күзетшісі болу да оңай емес. Үкімет білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, жаңа ереже енгізді. Соған сәйкес, ағарту ошағында жұмыс істейтін күзетшілер 25 пен 50 жас аралығында болуға тиіс.

Телеарна мәліметінше, олардың арнайы даярлығы мен дене дайындығы да тексеріледі. Ал кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған немесе бұрын сотталған адамдар мұндай жұмысқа мүлде жіберілмейді.

Ал бұрын мектептердің басым бөлігінде күзет қызметін көбіне зейнеткерлер атқарып келгені жасырын емес. Жаңа талап күшіне енген соң, кейбір мектептер уақытша күзетшісіз қалған. Себебі наурыздан бастап жасы 50-ден асқан қызметкерлер жұмыстан босатылған екен. Қазір білім ошақтарында жаңа талапқа сай күзетшілерді қабылдау жүріп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!